Хабарлама 

×

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес, «Ж.Тәшенов атындағы  №68 жалпы білім беретін орта  мектебі» КММ-сі, 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

   Ж.Тәшенов атындағы  №68 жалпы білім беретін орта  мектебі» КММ-сі қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы Темірқазық көшесі, 79  мекенжайы бойынша жүргізіледі.Электронды мекенжайы:

e-mail: aktobe-school68@mail.ru байланыс телефоны: 8/7132/45-83-65 

Қамқоршылық кеңес  -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

· Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;

· Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;

· Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;

· Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;

· Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);

· Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 

· Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.




Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады.


                                                                     Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 

                                                           басшысы  М.О.Қосымбаеваға

                                                                   _____________________________

                                                                 (өтініш берушінің аты жөні)

                                                                  тұратын жері __________________

                                                                   ______________________________

                                                                                                           (көше,үй пәтер)


                                                       Ұсыныс

Мен_____________________________№_______________________________                                           (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)


       «Ж.Тәшенов атындағы  №68 жалпы білім беретін орта  мектебі» КММ-нің қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім   беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру   және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестін   мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.





___________________(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___»__________________2022ж