Ж.Тәшенов ат. №68 жалпы білім беретін орта мектеп мемлекеттік мекемесі 2017
жылы 28 желтоқсанында Ақтөбе облысының
әкімі Сапарбаев Бердыбек Мәшбекұлы мен қала әкімі Еспанов Ілияс
Сапарбековичпен қалалық білім бөлімінің басшысы Бексултанова Индира Ибрайхановнаның
қатысуымен ашылды. Мектеп директоры болып Сундетбаева Слушаш Бактемировна
тағайындалды.
Мектептің ашылу кезінде 587 оқушы қабылданса. Оқыту тілі қазақ және орыс тілі. Оқыту екі кезеңде жүргізіледі. Қазіргі таңда мектебімізде 1204 оқушы білім алуда. Мектеп ашылғаннан бері жыл сайын білім алушылар саны артып келеді. Мектебіміз үшін бұл үлкен қуаныш. Болашыққа нық сеніммен қадам жасап келеміз.